15:44, 04 Маусым 2014 | GMT +5
Қазақстан Экологиялық кодексі Байқоңыр аумағында енгізілуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Экологиялық кодекстің қызметін Байқоңырда таралуын енгізбек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министр Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
«Біз ресейлік тараппен, яғни Роскосмоспен немесе РФ Үкіметімен Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін Байқоңыр аумағында таралуын бастау жөніндегі келісімге қол қою жұмыстарымен айналысудамыз. Бұл келіссөздер «Протон-М» зымыран-тасығышынан келген шығынның орнын толтыру шараларымен қатар жүріп жатыр», - деді министр.
Н. Қаппаровтың сөзіне қарағанда, «Протон-М»зымыран-тасығышы апатының шығынын өтеу бойынша қарқынды келіссөздер жүргізілуде. «Бізде бұл бағытта жұмыс тобы құрылған. Бұл - күрделі үрдіс. Қандай да бір нәтижелер болған кезде, біз оны міндетті түрде хабарлаймыз»,-министр.