Қазақстан экономикасын әртараптандыру үшін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осылайша тараптар өнеркәсіптік сектордағы және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыра отырып Қазақстан экономикасын әртараптандыру жөніндегі міндеттерді бағындыру үшін күш-жігерлері мен ресурстарын біріктіруге ниет танытып отыр. Атап айтқанда, Еуропалық қайта құру және даму банкі алдағы жылдарда ұзақмерзімді қаржыландыру және Қазақстанның басымды жобаларының акционерлік капиталына қатысу арқылы 1 млрд. долларға жуық соманы қаржыландыратын болады. Тараптардың бірлекен жұмысы кезінде, Банк сондай-ақ әлеуетті жобаларды анықтау және қарастыру, салаларға және әлеуетті нарықтарға сараптама жүргізу, инвестициялық жобалар аясында корпоративті басқаруды жақсарту үшін донорлық қаржыландыруды тарту жөніндегі мүмкіндікті қарастыратын болады. Тараптар Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының дамуына жәрдемдесу мақсатында экономикалық тұрғыдан тиімді жобаларды дайындауда және жүзеге асыруда өзара ынтымақтасуға келісіп отыр.