Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан экспорттайтын көмірдің жартысынан астамы Ресейге кетіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан өмірін қай елдер көп импорттап отырғанын айтты.

Қазақстан экспорттайтын көмірдің жартысынан астамы Ресейге кетіп жатыр
Фото: exclusive.kz

— Елдегі көмір қоры 33,6 млрд тонна болады. Өндірілетін көмірдің негізгі бөлігі ішкі нарыққа жіберіліп, электр энергетикасында, коммуналдық-тұрмыстық секторда және өнеркәсіпте пайдаланылады. 2025 жылы көмір өндіру шамамен 115,9 млн тонна болды. Бұл 2024 жылмен (108,5 млн. тонна) салыстырғанда 7% көп. Көмір экспорты 30 млн тоннаға (2024 жылы — 29,5 млн. тонна) жетті. Негізгі бағыттары: Ресей Федерациясы (16,6 млн. тонна), Польша (5 млн. тонна), Өзбекстан (2 млн тонна), Түркия (2 млн тонна), Үндістан (1,3 млн тонна), Малайзия (1,1 млн тонна) және тағы басқа, — деді Ерлан Ақбаров.

Оның айтуынша, 2026 жылы көмір өндіру 128,9 млн тонна, экспорт 29,5 млн тонна деңгейінде жоспарланып отыр.

— 2025 жылы көмір өнеркәсібіне салынған инвестициялар көлемі 691,6 млрд теңге болды. Көмір өнеркәсібінде шамамен 32 мың адам жұмыс істейтінін атап өту қажет, — деді министрдің орынбасары. 

Бұған дейін Германия компаниясы Қазақстанның көмір жобаларына қатысуға мүдделі екенін жазғанбыз.