Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде Азия халықтарының дауысы анағұрлым салмақты шығуына барлық мүмкіндікті пайдаланады - О. Мұхамеджанов
күйектің 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде Азия халықтарының дауысы анағұрлым салмақты және айқын шығуына барлық мүмкіндік тудырады.
Бұл туралы бүгін Астанада ашылған Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы Бас Ассамблеясының 5-ші жиынында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында белсенді жұмыс жасау барысында әлемде азиялық мемлекеттердің ауқымды рөл атқара бастағанын ескере отырып, Еуропамен стратегиялық қарым-қатынасты тереңдету арқылы Қазақстан Еуразияға ортақ проблемаларды шешуде Азия халықтарының дауысы анағұрлым салмақты және айқын шығуына барлық мүмкіндік тудырады», деді О. Мұхамеджанов форумда.