Қазақстан Елшісі Ақылбек Камалдинов Токиода Жапония Парламенті Кеңесшілер палатасының вице-президентімен кездесті
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшісі Ақылбек Камалдинов сейсенбі күні Токиода Жапония Парламенті Кеңесшілер палатасының (жоғарғы палата) вице-президенті Акико Сантомен және Қазақстанмен достық жөніндегі жапондық парламенттік лиганың мүшелері болып табылатын депутаттар тобымен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан дипломаты әңгіме барысында жапон тарабын елімізде болып жатқан үдерістермен, экономикалық дағдарысты еңсеру жөніндегі республика Үкіметі қабылдап жатқан шаралар туралы, сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаевтың «Дағдарыстан ? дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мәселелері туралы хабардар етті. Жапония Парламенті Кеңесшілер палатасының (жоғарғы палата) вице-президенті Акико Санто мырза өз кезегінде, түрлі халықтар мен діндер арасындағы диалогты дамыту жөніндегі Қазақстанның бейбіт бастамаларына жоғары баға бере отырып, екі ел арасындағы достастық қатынастың әрі қарай нығая түсетініне сенім білдірді.