Қазақстан Елшісі Армения Ұлттық жиналысының төрағасымен кездесті

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның Армениядағы Елшісі Айымдос Бозжігітов Армения Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Овик Абраамянмен кездесті.

Қазақстан Елшісі Армения Ұлттық жиналысының төрағасымен кездесті

Кездесу барысында тараптар қазақстандық-армениялық ынтымақтастықтың бірқатар көкейкесті мәселелерін талқылады. Әңгімелесушілер түрлі салалардағы өзара іс-қимылды белсенді етудің маңыздылығын, соның ішінде парламентаралық байланыстарды дамыту және тереңдетудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлады ҚР-ның Армениядағы Елшілігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар сондай-ақ 2012 жылғы 7 маусымда Астана қаласында өткен Қазақстандық-армениялық сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырыс қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісушіліктерді іске асырумен байланысты мәселелерді талқылады.

Әңгіме барысында Қазақстан Елшісі армениялық спикерді ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырып, сондай-ақ Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында елдің табысты әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жаңғыртылуы үшін қолданылған реформалар жайында баяндады.