Қазақстан Елшісі Чех Республикасының Моравослез өлкесіне жұмыс сапарын жасады

ПРАГА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат – Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшісі Анарбек Қарашев Чехияның Моравослез өлкесінің губернаторы Я.Паласпен кездесу өткізді.

Қазақстан  Елшісі Чех  Республикасының Моравослез өлкесіне   жұмыс сапарын    жасады
Кездесу барысында өлке мен Қазақстанның облыстары арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚазАқпаратқа елшіліктің баспасөз қызметінен. Жұмыс сапары барысында Елші аймақтың бизнес өкілдерімен, оның ішінде «Татра» кәсіпорны мен «Агел» медициналық корпорациясы сияқты ірі кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті. Қазақстан Елшілігі Қазақстан экономикасының, сондай-ақ «Еуропаға жол» бағдарламасының таныстырылымын өткізді.