Қазақстан Елшісі Душанбеде Тәжікстанның Cыртқы істер министрімен кездесті
АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Елшісі Әбуталіп Ахметов Душанбеде Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифимен кездесті,
деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы күн тәртібінде тұрған іс-шаралар, сондай-ақ халықаралық алаңдағы ұстанымдар мен бастамаларға өзара қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
Тәжікстан Сыртқы істер министрі өз сөзінде, «Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етуі Орталық Азия мемлекеттеріне, соның ішінде Тәжікстан үшін өңірлік және ішкі проблемаларды оң шешуге қолайлы жағдайлар туғызады» деп атап көрсетті.