Қазақстан Елшісі Е.Әбілдаев Канаданың Халықаралық сауда министрімен кездесті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлан Әбілдаев мамырдың 12-сінде Оттавада Канаданың Халықаралық сауда министрі, ел Парламентінің депутаты Стоквелл Дэймен кездесіп,
екі елдің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Кездесу барысында Қазақстан мен Канаданың экономикалық байланысы жылдан-жылға өсіп келе жатқаны, дегенмен өзара тимді ынтымақтастықты әрі қарай дамыту үшін әлі де біраз әлеуеттің бар екендігі атап көрсетілді. Министр Стоквелл Дейдің айтуынша, Канада Қазақстанмен сауда-саттықты арттыруға мүдделі. Елші Е.Әбілдаев өз кезегінде министр мырзаны өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды және сол сапар барысында екі елдің іскерлік топтары бірлескен бизнес-форум өткізе алатынын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар