Қазақстан Елшісі Эстония премьер-министрімен кездесті
эстон елордасының мэрі Эдгар Сависаармен кездесті, деп хабарлайды сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Андрус Ансиппен болған әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейі, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың оң даму үрдісі атап көрсетілді, эстон Үкіметі басшысының қыркүйек айында Астанаға жасайтын ресми сапарына дайындықтың барысы талқыланды.
Қазақстан дипломаты сондай-ақ республикадағы ағымдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай, Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары туралы хабардар етті және Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тарауларын түсіндіріп өтті. Қазақстанның сыртқы саясатының еуропалық векторының белсенділігін арттыру контекстінде Ғ.Қойшыбаев «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалыққа дайындығы туралы айтты.
Таллин мэрі Эдгар Сависаармен болған кездесуде екі елдің, екі елорданың және аймақтардың арасында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселесі сөз болды.