Қазақстан елшісі Гомель облысында жұмыс сапарымен болды

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылғы қыркүйектің 4-і мен 5-інде Беларустегі ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі А.Смирновтың Гомель облысына жұмыс сапары болды.
None
None

Сапар аясында Елшінің Гомель облыстық атқарушы комитетінің төрағасы А.Якобсон бастаған облыс басшлығымен кездесу болып өтті, оған сонымен қатар облыстың іскер топтарының өкілдері де белсене атсалысты, деп хабарлайды БР Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында, аймақ басшысы облыс экономикасының дамуының басты бағыттары мен инфрақұрылымы туралы ақпараттандырып, аймақтың Беларусте өндірілетін өнімнің ширегін шығаратынын, оның 74 пайызының экспортқа жіберілетінін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар екі жақты сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар