Қазақстан Елшісі Қ.Лама Шариф Саудияның Даму қорының басқарушы директорымен кездесті

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - 2008 жылы желтоқсанның 30-ында Ри-Риядта Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф Саудия Даму банкінің басқарушы директоры Юсеф Ибрагим әл-Бассаммен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында Қазақтан Үкіметінің әлемдік дағдарысқа қарсы күш-жігеріне жоғары баға берген Саудия қорының басшысы, біздің елімізде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға деген өз мүдделігін білдірді. Тараптар сондай-ақ Саудия Даму қоры мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының өзара іс-қимылдарының келешегін талқылады.
Соңғы жаңалықтар