Қазақстан елшісі Қ. Омаров АҚШ Президентіне сенім грамотасын тапсырды
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат -14 қаңтарда Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Омаров АҚШ Президенті Барака Обамаға сенім грамотасын тапсырды.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Грамота тапсыру рәсімінен кейін өткен достастық күйдегі кездесуде тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің барлық маңызды бағыттарының серпінді дамуын атап өтті.
Президент Б.Обама Елбасыға өзінің шын тілегін білдіріп, жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті одан да әрі нығайту, сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша бірлескен жұмысқа дайындығын жеткізді.
Әңгіме соңында, Қ.Омаров Президент Н.Назарбаевтың американдық көшбасшыға алдағы мемлекет басшысы қызметіне кірісуінің салтанатты рәсімімен жылы құттықтауын және Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын жеткізді.