Қазақстан елшісі Қайрат Лама Шариф Ислам Конференциясы Ұйымының Бас хатшысымен кездесті
rong>7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жақында Қазақстан елшісі Қайрат Лама Шариф Ислам Конференциясы Ұйымының Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглымен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүздесу барысында Қазақстан мен Ислам Конференциясы Ұйымы арасындағы ынтымақтастық шараларына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, қазақстандық дипломат өз кезегінде ИКҰ Бас хатшысына ЕҚЫҰ қзіргі Төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың атынан ЕҚЫҰ Конференциясы жұмысына қатысуға шақырған жолдауды табыс етті. Айта кетейік, толеранттық және кемсітпеушілік мәселелері бойынша жоғары деңгейде пікір алмасу үшін ЕҚЫҰ конференциясын Астана қаласында ағымдағы жылдың шілде айының басында өткізу жоспарланған. Осыған орай, Бас хатшы шақыруды аса ыждағатпен қабылдап, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығына баса мән беретінін және осы мәртебелі миссияда табыс тілейтінін жеткізді. Сонымен бірге, Э. Ихсаноглы 2011 жылы Қазақстан өзінің Ислам Конференциясы Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалығы барысында аталған ұйым қызметі мен жұмысына қосымша қарқын беретініне сенім білдірді.