Қазақстан елшісі М.Ташыбаев Парижде Франция Парламенті Сенатының төрағасы Ж.Ларшемен кездесті

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат – Қазақстан елшісі Мұрат Ташыбаев қаңтардың 20-сы күні Парижде Франция Парламенті Сенатының төрағасы Жерар Ларшемен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстандық дипломат француз спикерін біздің еліміздің тәуелсіздік жылдардағы дамуының негізгі кезеңдерімен таныстырып, еліміздің бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау ісіне қосып отырған үлестері, оның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съездерін шақыру сияқты сыртқы саяси бастамалары туралы әңгімелеп берді. Өткен жылдың жазында жасалған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары қазақстан-француз қарым-қатынастарының жаңа дәуірін ашып, оларды стратегиялық серіктестік деңгейіне шығарғанын атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар
Референдум