Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан Елшісі Словакия Республикасының сыртқы істер министрін ЕҚЫҰ саммитіне қатысуға шақырды

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі А.Қарашев Братиславада Словак Республикасының Сыртқы істер министрі М. Дзуринде мырзаға сыпайылық сапарын жасады, деп хабарлады Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшілігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан  Елшісі   Словакия  Республикасының сыртқы істер министрін ЕҚЫҰ саммитіне    қатысуға     шақырды

Кездесу барысында қазақстандық дипломат словак министріне кәсіби табыстар тіледі және оны ағымдағы жылдың желтоқсан айында Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитінің жұмысына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде, Словакияның сыртқы істер министрі екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай тереңдету керектігін атап көрсетіп, Қазақстан елордасында ЕҚЫҰ Саммитінің өткізілуін Словакияның қолдайтынын жеткізді.