Қазақстан Еуразиялық ынтымақтастықтың маңызды өткізу пункті мен көпіріне айналуда- Нұрсұлтан Назарбаев

БЕЙЖІҢ. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - "Біздің қарым-қатынасымыздың екінші тармағы көлік-коммуникация саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Біз Еурпалық Одақ Қытайдың маңызды сауда әріптестерінің бірі болып табылатынын білеміз, біз Қытаймен Еуропа арасындағы көліктік көпір болғымыз келеді", -

Қазақстан Еуразиялық ынтымақтастықтың маңызды өткізу пункті мен көпіріне айналуда- Нұрсұлтан Назарбаев

деп мәлім етті бүгін Бейжіңде қытайлық іскер топпен болған кездесуі барысында ҚР Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтып өткеніндей, "Алашаңқай-Достық» темір жолы өткелі арқылы біз 15 млн. тонна жүк тасымалдадық, Қытай тауары тиелген контейнерлер біз арқылы Еуропаға жетуде. Сонымен қатар биыл «Қорғас-Алматы» жолының екінші тармағының құрылысын аяқтамыз, бұл жол Ресей, Еуропа және Орталық Азия елдерін байланыстырытан болады".

«Біз келесі жылы Қазақстаннан Түрікменстан, Иран арқылы Парсы шығанағына дейінгі темір жол желісінің құрылысын аяқтаймыз, осының барлығы Сіздердің тауарларыңыз, үлкен алға басу қоры арқылы мүмкін болды. Егер бұған күніне Астана мен Алматыға ұшатын 10 рейстік байланысты қоссаңыз, көріп отырғаныңыздай, Қазақстан еуропалық ынтымақтастықтың маңызды өткізу пункті мен көпіріне айналуда», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы басқа теңдесі жоқ және өте маңызды қазақстандық-қытайлық «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы жобасын құрудың алғашқы сатысы аяқталғанын жеткізді, және осы орталықтың болашағынан көп үміт күтетіндігімізді, бұл біздің алдағы ынтымақтастығымызға қуатты серпін беретін жоба екеніне тоқталды.

«Сонымен қатар Қазақстан 2012 жылы ұзындығы 2700 шақырым болатын «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» магистралінің құрылысын аяқтайды. 2012 жылы бұл жол аяқталады», - деп тұжырды Елбасы.