Қазақстан Еуразияның қаржы және сауда орталығы бола алады
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанның Еуразияның сауда және қаржы орталығына айналуына әлеуеті мен экономикалық мүмкіндігі зор, деп мәлім етті «JPMorgan Chase International» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Френкель Джейкоб PM.kz сайтына берген сұхбатында.
«Қазақстанның экономикалық саладағы прогреске деген талпынысын көріп отырмын. Қазақстанның әлеуеті зор, оның орналасқан географиялық жағдайы да тиімді. Осы жағдайлар Қазақстанға Еуразияның сауда-саттық және қаржы орталығы атануына нақты мүмкіндік береді», - деді Френкель Джейкоб.
Республиканың қарқынды өсіп келе жатқанын атап көрсеткен ол: «Ел Үкіметі дұрыс экономикалық саясат жүргізбек ниетте. Елдің келешегі экономиканың болашағына байланысты болса, ал ол өз кезегінде дұрыс саясатқа тәуелді», - деді.
Оған қоса, әлемдік экономиканың ағымдағы жағдайына да тоқталып өткен Ф.Джейкоб мырзаның айтуынша, «Еуропадағы жағдай көңіл көншітерлік, ондағы ұзаққа созылған дағдарыстан шығудың жолы әлі де табылмай отыр».
«Онда бір жағынан, жұмыссыздық деңгейі төмен, бірақ төлемдік теңгерімінің профициті жоғары Германия болса, екінші жағынан экономика өсімі теріске кетіп отырған Грекия мен жұмыссыздық деңгейі 20 пайыздан астам Испания бар», - деді Френкель Джейкоб PM.kz сайтына берген сұхбатында.