Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан еуропалық қауіпсіздік туралы диалогты әрі қарай дамытуға бар күш-жігерін салуға дайын - Ташкенттегі «дөңгелек үстел»

КЕНТ.  Қыркүйектің 25-і.  ҚазАқпарат /Құрмат  Самархан/ -   Жұма күні Қазақстанның  Өзбекстандағы    елшілігінде  «ЕҚЫҰ  және  Орталық  Азия  - ынтымақтастық сипаттары»    деген тақырыпта   «дөңгелек  үстел»  отырысы өтті.

Қазақстан    еуропалық қауіпсіздік  туралы  диалогты    әрі  қарай  дамытуға   бар күш-жігерін салуға дайын  -  Ташкенттегі  «дөңгелек үстел»

  Қазақстанның  2010   жылғы  Еуропадағы қауіпсіздік  және ынтымақтастық   ұйымына төрағалығына  арналған    бұл    отырысқа   дипломатиялық  миссиялардың басшылары мен    халықаралық ұйымдардың  өкілдері  қатысты.

 Қазақстанның   Өзбекстандағы істерінің  уақытша сенімді өкілі   Уәлихан   Төреханов    өз сөзінде атап  көрсеткендей,    ЕҚЫҰ  кеңістігінде  қауіпсіздік    мәселелері  бойынша  жарыссөзді  және   диалогты    жандандыру    жөніндегі грекиялық  және фин  төрағалығының     күш-жігерлеріне  жоғары  баға бере  отырып,  Қазақстан еуропалық қауіпсіздік  туралы  диалогты  әрі  қарай   дамытуға бар  күш-жігерін  салуға   дайын.

 «Қазақстан  Еуропадағы қауіпсіздік және  ынтымақтастық ұйымын    ұлттарды  біріктіретін,      олардың  ортақ құндылықтары мен міндеттерін   бөлісетін    үлкен  бір  «шаңырақ»  ретінде     көріп  отыр.  Еуропаның  дәл ортасында  тұрып,      Ұйымның     аясындағы  барлық  жағдайды   қамту кейде  қиындау.   Дейтұрғанмен,  Қазақстан  ЕҚЫҰ-ның  өз     кеңістігі мен  шекарасы  бар  екенін  жақсы түсініп  отыр.   Қолданыстағы тетіктерге,  институттарға  және   құқықтық   базаларға  негізделген    еуропалық   қауіпсіздіктің  құрылымын   нығайту  жөніндегі     күш-жігерлердің  келісілуін    қамтамасыз  ету керек», - деп атап көрсетті  У.Төреханов  өз сөзінде.

 ЕҚЫҰ   әлеуеті     жаһандық  әсері  бар    аймақтық   экологиялық   проблемаларды шешуде   пайдаланыла  алады.  Ондай  проблемаларға  Арал   теңізінің   тартылуы мен    аймақтың сонымен байланысты   әлеуметтік-экономикалық және  әлеуметтік  мәселелерін жатқызуға болады,  дейді У.Төреханов.

 «Қазақстан   болашақ  еуропалық  қауіпсіздік  туралы    жарыссөздерде    мәміле аймақтарын  іздестіруде  өзінің     оң  рөлін  атқаруға  дайын.    Ұйымға   мүше  барлық   мемлекеттер     прогрестік мәмілелерге   қол жеткізуге   бар күш-жігерлерін салады деп үміттенеміз»,    деп түйіндеді  өз сөзін  дипломат.