Қазақстан еуропалық тұтынушыларға газ жеткізуді талқылауда тәуелсіз және шынайы ұстанымын білдіре алады - Газпром

МӘСКЕУ. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Ресей газын Еуропадағы тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі бойынша мәскеу конференциясының барысында біздің тілшіміз оған Қазақстанның қатысуы туралы «Газпромның» ресми өкілі Сергей Куприяновтың түсінік беруін өтінді.
None
None
«Қалыптасып отырған жағдайда (Украинамен газ қарама-қайшылығы ?авт.) мүдделі тараптардың барынша кең ауқымының пікірі маңызды. Бұл орайда көмірсутектерінің ірі жеткізушісі ретінде Қазақстан да саммитке қатысуда. Біз тараптардың ұстанымдарымен ешбір қатысы жоқ қазақстандық әріптестер өздерінің «тәуелсіз» ұстанымын білдіре алады деп санаймыз. Қазір біздің еуропалық тұтынушыларымыздың мүддесі туралы әңгіме көтеріліп отырғанда, Қазақстан газ экспорттаушы тарап ретінде шынайы ұстанымын білдіре алады», - деді С.Куприянов. Газ саласындағы ресей-қазақстан ынтымақтастығы екі бағытта жүргізіліп отырғаны мәлім. Біздің еліміз түрікмен және өзбек газын ресей-еуропалық бағыт бойынша транзиттаушы болып отыр. Бұдан басқа РФ мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісіміне сәйкес «ҚазРосГаз» бірлескен кәсіпорыны құрылды. Компанияның негізгі қызметі ? қазақстандық газбен операциялар, маркетинг, өңдеу, тасымалдау жүргізу, табиғи газды және оның өңделген өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу.
Соңғы жаңалықтар