Қазақстан футзал құрамасы жолдастық кездесуде Иранды жеңді
АСТАНА. KAZINFORM - Футзалдан Қазақстан құрамасы Иранмен алғашқы жолдастық кездесуде жеңіске жетті.

Кездесу барысында қазақстандық Жахангир Рашит, Дуглас Жуниор, Ақжол Дәрібай, Шыңғыс Есенаманов гол соқса, оған ирандық футзалшылар бір голмен жауап қайырды.
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Енді ел құрамасы аталған қарсыласымен 1 қыркүйекте тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді.
Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында болады. 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Аргентинамен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, биыл әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді.
Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық футзалшылар Тәжікстан құрамасымен екі мәрте жолдастық кездесуде 4:3, 3:0 есебімен жеңіске жетті.