Қазақстан - геологиялық барлау жұмыстарына 120 млн. теңге бағыттайды - Б.Нұрабаев

Бұл туралы Атырау қаласында өткен «Атырау Гео-2015 «Каспий аймағы: терең қатпарлы кешендердің мұнайгаз бергіштігі және құрылысы проблемалары және көмірсутектердің генетикалық табиғаты» атты халықаралық геологиялық конференциясының барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев айтты.
«Соңғы жылдары біздің елімізде көрмірсуректердің жаңа кенігштерін іздестіруге, геологиялық-барлау саласын дамытуға зор көңіл бөлінуде. Жыл сайын қаржыландыру ұлғайып келеді. Биылғы жылы 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасын жүзеге асыру басталды, оның бюджеттік қаржыландыру көлемі 120 млрд. теңгені құрайды. 2015 жылы геологиялық зерттеу жұмыстарына 12,2 млрд. теңге мөлшерінде бюджеттік қаржыландыру белгіленді. Сонымен бірге, 2015 жылы геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге Ұлттық қордан 6 млрд. теңге бөлініп отыр», деді Б.Нұрабаев.
Оның айтуынша, Қазақстанның ірі мұнайгаз әлеуеті бар, онда елеулі барланған қорлар, болжамдық елеулі ресурстар жеткілікті. Елдің 15 мұнайгаз келешер - 131 млрд. тонна шартты отынды, 76,4 млрд. тонна шартты отын есебінде жер астынан алынатын ресурстарды құрайды.