Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесі Ақордада этносаясат мәселелерін талқыламақ

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - 20 қыркүйекте Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесі Ақордада этносаясат мәселелерін талқыламақ
Ресми өкілдің айтуынша, «Қазақстан - 2050» стратегиясы аясында этносаясатты ғылыми-талдаумен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың маңызды аспектілері, тарихи сана-сезімді қалыптастыру, сонымен қатар ұлттық тарихты зерделеу және тіл саясаты тұрғысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсат-міндеттерін қарастыру жоспарланып отыр.