Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан халқы билікпен бірлесе лаңкестерге қатаң соққы беруі қажет - Юлия Денисенко

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміз қауіпсіздігі тұрғысында билік пен қоғам кез келген арам пиғыл әрекеттерге қатаң тойтарыс беруі қажет. Бұл туралы Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Юлия Денисенко мәлім етті.

Қазақстан халқы билікпен бірлесе лаңкестерге қатаң соққы беруі қажет - Юлия Денисенко

«Қасиетті Рамазан айы басталар сәтте жасалған қылмыс қатыгездігімен және арсыздығымен алаңдатып отыр. Бұл лаңкестік акт ел азаматтарының өміріне тікелей қатер тудырып отыр»,-деді сарапшы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Осы ретте ол құқық қорғау органдары қылмыстардың жолын кесу мен ахуалды тұрақтандыру бойынша барша қажетті шараларды қабылдағанына сенімді. Оның сөзіне қарағанда, осындай жағдайда билік қылмыскерлерді ең қатаң талаптарымен жазаға тартуы тиіс.

«Олардың ешбір қылмысы жазасыз қалмайды. Біз құқықтық тәртіп тек құқық қорғау органдарының ғана жұмысы еместігін, яғни барша қоғамның, барлық қазақстандықтардың ісі екенін түсінуіміз керек. Адамдардың қауіпсіздігі тұрғысында билік пен қоғам бірлесе елдегі тұрақтылықты әлсіретудің кез келген әрекетіне қатаң тойтарыс беруі қажет. Бұл мәселеде осыдан басқа  балама жоқ»,-деді ол.