Қазақстан халқы тәуелсіздіктің 20 жылында жеткен жетістіктерін мақтан етуі тиіс - Брюссель

БРЮССЕЛЬ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтегі елшілігі, ЕО мен НАТО жанындағы миссиясы Еуропаның әкімшілік орталығы - Брюссельде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды.
None
None

Мерекелік шараға Бельгия Корольдігінің және Еуропалық Одақтың өкілдері, Брюссельде тіркелген ірі халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері, еуропалық мемлекеттердің қоғам қайраткерлері, бизнес топтардың өкілдері, шығармашыл зиялы қауым және еуропалық астанада тіркелген қазақстандық журналистер қатысты. Қабылау барысында қонақтар қазақстандық қонақжайлылыққа тәнті болды, дәстүрлі қазақ дастарқанынан дәм татты, қазақстандық музыка мен би өнерін тамашалады.

Қабылдауда сөз алған Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Еуроодақ пен НАТО-дағы миссияларының басшысы Ерік Өтембаев біздің елімізің демократиялық және экономикалық өзгерістері ісінде халықаралық аренадағы жарқын табыстарына тоқталды және алдағы келешек даму жолына шолу жасады. Ол сондай-ақ жақында ғана Алматы қаласының 2017 жылғы қысқы Бүкіләлемдік Универсиада астанасы болып жарияланғанын атап өтті. Сонымен қатар қазақстандық дипломат Қазақстанның дамуындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша рөлін баса айтты.

Өз кезегінде Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап отырған ЕО-ның еліміздегі өкілдігінің басшысы Норбер Жустен қазақстандықтарды тамаша мерекемен құттықтады және Қазақстан халқы тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде қол жеткен табыстарын мақтан тұтуы тиіс деген пікірін білдірі.

Жиналғандар еліміздің халықаралық аренада беделі арта түсіп отырғанын, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғары қарқынын, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен ықпалдастықты нығайтудағы өмірлік маңызды бастамаларын атап көрсетті.

Ұлттық мерекеге орай елшілік Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнаған фотосурет көрмесін ұсынды. Сондай-ақ қонақтарға Қазақстан жетістіктері және елдің халықаралық аренадағы қызметі туралы, сондай-ақ қазақстандық-еуропалық ынтымақтастыққа арналған жарияланымдар бар кәдесыйлар ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар