Қазақстан хоккей құрамасы екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды. Қазақстандық хоккейшілер үшінші кездесуде Жапониямен шеберлік байқасты.
Бірінші кезеңде қарсыластар бір-бір шайбадан соқты. Екінші кезеңде отандастарымыз үш гол енгізіп, өз қақпасына бір гол жіберіп алды. Үшінші кезеңде жапониялық хоккейшілер бір шайба енгізді.
Қазақстан — Жапония 4:3 (1; 1, 3:1, 0:1)
1:0 — Ляпунов (Старченко, Мусоров) — 05:47
1:1 — Судзуки (Ушио) — 18:22
2:1 — Старченко (Михайлов, Мусоров) — 21:37
2:2 — Сато (Йонеяма, Накаджима) — 24:52
3:2 — Борисевич (Ляпунов, Мусоров) — 25:10
4:2 — Старченко (Бойко, Муратов) — 29:28
4:3 — Окубо (Накаджима, Сато) — 55:21
Осылайша қарсыласынан 4:3 есебімен басым түскен отандастарымыз Азия чемпионы атанды.
Айта кетсек, бұдан бұрын отандастарымыз Оңтүстік Кореяны 4:2, Қытайды 5:1 есебімен жеңді.
Құрлықтық бәсекеде Қазақстан құрамасы жаңа бапкерлер штабымен бақ сынап жатыр. Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Қазақстан хоккейінің аңыз ойыншыларының бірі Талғат Жайлауов тағайындалды.
Қазақстан құрамасы
Қақпашылар: Роман Калмыков («Номад»), Антон Осокин («Құлагер»), Владислав Пестов («Торпедо»);
Қорғаушылар: Степан Александров, Владимир Гребенщиков («Торпедо»), Данил Бутенко, Мади Диханбек, Кирилл Никитин («Номад»), Эдуард Михайлов, Иван Степаненко («Сарыарқа»), Бейбарыс Оразов («Барыс»).
Шабуылшылар: Олег Бойко, Артур Гатиятов, Диас Гусейнов, Саян Данияр, Александр Мигунов (все — «Номад»), Александр Борисевич, Артем Лихотников («Сарыарқа»), Максим Мусоров («Торпедо»), Роман Старченко, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов («Барыс»), Денис Чапоров («Арлан»);
Еске салсақ, 2024 жылы да Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атағын жеңіп алған еді.