Қазақстан хоккей құрамасының ӘЧ-ге баратын кеңейтілген құрамы жарияланды

Еске салсақ, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтіп жатыр.
Қазақстандық хоккейшілер А тобында Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франциямен шеберлік байқасады.
17 сәуірде елордада ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны басталды. Оған шақырту алған хоккейшілердің кеңейтілген тізімі жарияланды.
Аталған хоккейшілердің тізімі төмендегіше:
Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі - «Барыс»), Сергей Кудрявцев («Южный Урал», Ресей), Илья Румянцев («Арлан»)
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Валерий Орехов, Роман Савченко, Егор Шалапов (барлығы – «Барыс»), Джесси Блэкер («Автомобилист», Ресей), Дмитрий Громов («Торпедо»), Даррен Диц (ЦСКА, Ресей), Артем Королев, Александр Пелевин (екеуі - «Номад»), Леонид Метальников («Адмирал»), Эмиль Нұрғалиев, Кирилл Полохов (екеуі – «Сарыарқа»), Виктор Сведберг («Авангард», Ресей), Иван Степаненко («Бейбарыс»)
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Кертис Волк, Дмитрий Гурков, Якоб Лилья, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Аркадий Шестаков (барлығы - «Барыс»), Павел Акользин («Металлург»), Станислав Александров, Максим Мухаметов («Номад»), Дмитрий Гренц («Торпедо»), Саян Данияр, Михаил Рахманов (екеуі – «Сарыарка»), Батырлан Мұратов («Rovaniemen Kiekko», Финляндия), Кирилл Панюков («Ак Барс»), Евгений Рымарев («Югра», Ресей), Дмитрий Шевченко («Авангард», Ресей)
Еске салсақ, дүбірлі додадағы алғашқы матчын Қазақстан құрамасы 14 мамырда Данияға қарсы өткізеді.