11:43, 27 Мамыр 2015 | GMT +5
Қазақстан Хорватия арқылы ЕО нарығына шығуға ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Хорватия Премьер-Министрі Зоран Милановичпен өткен келіссөздерден кейін ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов аталған елдің бизнесмендерін Қазақстанға инвестиция салуға шақырды.

«Біз өте жемісті пікір алмасуларды жүргізіп, хорватиялық компаниялармен біздің ынтымақтастықты жақсартудың мүмкіндіктерін талқыладық. Осы орайда Хорватияның бизнес топтарымен бұдан ары қарай да ынтымақтастықты жалғастырамыз деп үміттенеміз, себебі олар бізге Балқан өңірінің және Еуропалық Одақтың нарықтарына шығуға көмектеседі»,-деді К. Мәсімов.
Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Хорватияның компанияларын Қазақстанда бизнестерін жүргізуге шақырды. Бұл тұрғыда ол Қазақстан өңірде инвестицияларды салу үшін қолайлы екенін атап өтті.