Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан Иранға Каспий теңізіндегі ынтымақтастықтың өзара пайдалы формуласын ұсынды

АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Иран тарапына Каспий теңізінде шекаралық, кедендік қызметтер және құқық қорғау ведомстволары желісі бойынша ынтымақтастықтың өзара пайдалы формуласын ұсынды,

Қазақстан  Иранға Каспий теңізіндегі ынтымақтастықтың өзара пайдалы формуласын ұсынды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан бұрыннан-ақ Каспийді демилитаризациялау қағидатын ұстанған және Каспий теңізіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін шекаралық, кедендік қызметтер және құқық қорғау ведомстволары желісі бойынша ынтымақтастықтың өзара пайдалы формуласын ұсынды», делінген бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран Президенті Махмұд Ахмадинежадпен жүргізілген келіссөздерден кейін таратылған ҚР Президентінің баспасөз қызметінің хабарламасында. «Кездесуде мемлекет басшылары Каспий мәселесіне айрықша назар аударды. Н. Назарбаев Қазақстан Каспий теңізі өңіріндегі тату көршілік қарым-қатынастарды қамтамасыз етудегі өзінің саясатына адалдығын атап көрсетті және сыртқы шекарасы мемлекет болып табыла алатын 22-25 миль егеменді аймақты бекітуді барынша мақсатты деп есептейді. Мәні бойынша осындай ымыралы шешім Каспий елдерінің барлығының мүдделерін қанағаттандырған болар еді және теңізде табысты бірлесе әрекет етуге мүмкіндік береді», деп атап көрсетілген баспасөз хабарламасында.