Қазақстан Иранның халықаралық қоғамдастықпен проблемасы реттелетініне үмітпен қарайды -Елбасы
bsp;АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Иранның халықаралық қоғамдастықпен проблемасы реттелетініне үмітпен қарайды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан атомды бейбіт мақсатта пайдалану проблемасы қолдау табатынына, әлемнің бұған көзі жететініне және Иранның халықаралық қоғамдастықпен проблемасы мемлекеттер арасындағы сенім мен игілікке негізделіп шешілетініне үмітпен қарайды», деді бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Иран елшісі Сейфи Горбаннан сенім грамотасын қабылдау рәсімінде.
Н. Назарбаев Қазақстан Иранмен дәстүрлі достық және әріптестік байланыстарға зор маңыз беретінін атап көрсетті. «Біз халықаралық аренада, соның ішінде ИКҰ, ШЫҰ, ЭЫҰ сынды ұйымдар аясында табысты әрекеттесудеміз. Қазақстан АӨІСШК және Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының сьездерін шақыру туралы біздің бастамаларымызды Тегранның қолдағанын жоғары бағалайды. Иран президенті Махмұд Ахмадинеджадтың былтыр сәуірде біздің елге жасаған сапары біздің қарым-қатынасымыздағы маңызды оқиға болды», деді Н. Назарбаев.
Қазақстан Президенті Қазақстан мен Иран арасында Мемлекет, Үкімет басшылары деңгейінде тығыз дипломатиялық байланыстардың жолға қойылғанын, екі ел Каспий теңізі арқылы ынтымақтасып, сауда-саттық жасайтынын атап көрсетті.