Қазақстан - Ислам Конференциясы Ұйымы: ынтымақтастық аспектілері талқыланды

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - 31 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Ислам Конференциясы Ұйымының Бас Хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу телефон арқылы сөйлесті,

Қазақстан - Ислам Конференциясы Ұйымы: ынтымақтастық аспектілері талқыланды

деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

Халықаралық мәртебелі ұйымның Бас хатшысы Қазақстан халқы мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығымен және Астана Саммитінің толағай табыспен өткізілуіне байланысты құттықтау сөздерін білдірді.

Сонымен қатар, Бас хатшының пайымдауынша «ИКҰ біздің ұйымымыздағы Қазақстанның алдағы көшбасшылығына үлкен үміт артуда.

Осы ретте, тараптар Ислам Конференциясы Ұйымы қызметінің өзекті мәселелерін талқылап өтті. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың наурыз айына жоспарланып отырған Шарм-эль-Шейхте өтетін Ислам Конференциясы Ұйымының Саммиті және Египет Араб Республикасында болып жатқан ахуал талқыланды. Әріптестер ұйым аясындағы және халықаралық мәселелер бойынша нақты және тығыз байланыстарды одан әрі қарай жалғастыруға деген ниеттерін білдірді.