Қазақстан қалаларында қымыз бен шұбат бағасы қанша

АСТАНА. KAZINFORM — Рамазан айында елімізде қымыз бен шұбатқа сұраныс артты. Жұртшылық бұл сусынды көбіне ұлттық табиғи өнім деп сатып алады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Қазақстан қалаларында қымыз бен шұбат бағасы қанша
Фото: Kazinform/ Nano Banana

Өңірлердегі бағаны салыстырған кезде қымыздың литрі 1 200 — 3 000 теңге, ал шұбат 1 000 — 4 000 теңге екенін білдік. Екі сусын бағасы еліміздің оңтүстік өңірлерінде төмен.

Атап айтар болсақ, Таразда қымыз бен шұбаттың литрі 1 200 — 1 500 теңге. Ал Түркістан қаласында шұбат бағасы 1 200 теңге, қымыздың литрі — 1 400 теңге. Қызылорда қаласында қымыздың литрі 1 350 теңге болса, шұбат бағасы — 1 400 теңге. Өскемен қаласында ұлттық сусынның екеуі де 1 300 теңгеге сатылып жатыр. Ал Талдықорғанда қымыз бағасы орта есеппен 1 500 теңге.

Павлодар қаласында қымыздың литрі 1 800 — 2 000 теңге (жазда баға төмендейді), ал Баянауылда шұбатты 1 000 теңгеге сатып алуға болады. Петропавлда қымыздың литрі 1 500 — 1 800 теңге, ал шұбатты таппайсыз. Орал қаласында екі сусынның да бағасы — 2 000 теңге.

Еліміздің орталығы мен батысында баға жоғары. Қарағанды қаласында шұбаттың литрі — 1 800 — 2 200, қымыз — 2000–2500 теңге. Жезқазғанда қымызды 2 000 — 3 000 теңгеге, шұбатты — 2 000 — 2 400 теңгеге сатады. Ақтөбе қаласында шұбаттың бағасы 2 200 теңге, ал қымыз бағасы 1 520 — 2 277 теңге аралығында. Мұнда Аралдан әкелінген шұбаттың литрі 1 800 теңге болып тұр.

Қостанай қаласында шұбаттың литрі — 4 000 теңге. Бұл еліміздегі жоғары бағаның бірі. Жылқы байлайтын адамдарда қымыздың литрі — 1 200 — 1 500 теңге, ал цехта өндірілгені шамамен 2 100 теңге. Көкшетау қаласында қымыз бағасы — 2 950 теңге, шұбат — 1 700 теңге. Ақтауда қымыздың литрі — 1 800 — 3 000 теңге аралығынды, шұбат — 1 200 теңге.

Шымкентте қымыз бен шұбат бағасы — 1 200 теңге. Ал бөтелкедегі шұбат бағасы (4%) — 1 150 теңге.

Қымыз
Коллаж: Kazinform

Өңірлер арасындағы баға айырмашылығы өндіріске, маусымға және сұранысқа байланысты. Жазда ұлттық сусын бағасы төмендейді. Баға айырмашылығына қарамастан Рамазан айында қымыз бен шұбат сұранысы жоғары сусын болып қала бермек.

Бұған дейін Қазақстан қалаларындағы құрма бағасы туралы жазылды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум