Қазақстан Қарулы Күштері мен НАТО сержанттары тәжірибе алмасты

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мен НАТО арасындағы 2013 жылғы ынтымақтастық пен әріптестіктің дербес бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес,
None
None

Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында ҚР ҚК сержанттар корпусының өкілдері НАТО біріккен қолбасшылығы штабының сержанттар құрамымен кездесті.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу семинар түрінде болды. Меймандар Солтүстік атлантика альянсының құрылымы мен қызметі туралы таныстыру дәрістерін өткізді. Сондай-ақ, олар қазақстандық әріптестерін НАТО басшылығы жүргізген операциялармен, өздерінің жұмыс істеу әдістемелері және қызмет ерекшеліктерімен таныстырды.

Кездесу барысында қазақстандық сержанттар Қазақстан Қарулы Күштеріндегі сержанттар корпусының дамуы туралы ақпараттарын бөлісті. Сержанттар құрамы Қарулы Күштер басшылық құрамының айтарлықтай көп бөлігін құрайды және әскерлердің басқару жүйесінің бастапқы буыны болып табылады. Бөлімшенің жауынгерлік дағдысы сержанттардың беделіне, олардың жеке дайындығына, жеке құрамға үлгі болып, олардан талап ете білуіне байланысты.

Бүгінде Қазақстан сержанттары әртүрлі техникалық мамандықты игерген, қазіргі заманғы қару-жарақ пен техниканы меңгеріп қана қоймай, психологиялық және педагогикалық білімі қалыптасқан, қажет кезінде офицерлерді ауыстырып, бөлімшеге қойылған тапсырмаларды орындауға қабілетті мамандардан тұрады.

Қазақстан Қарулы Күштері мен НАТО бірікен күштері қолбасшылығы штабы сержанттарының кездесуі мазмұнды өтті. Тараптар пікір алмасу кезінде күнделікті қызметтері бойынша өзара тәжірибе алмасты. Семинарға қатысушылар бұл кездесудің олардың ой-өрістерін кеңейтіп, алдағы жұмыстарына қажетті тәжірибе бергенін айтты.

Соңғы жаңалықтар