Қазақстан кәсіпкерлері тауарларын Қытайдағы Жібек жолы павильонына шығара алады

Айта кетейік, Қытай Халық Республикасының делегация бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп, Қазақстанның кәсіпкерлеріне осы жаңа экономикалық аймақты таныстырды.
«Бір белдеу, бір жол» атты бағдарлама бойынша екі ел басшыларының уағдаластығы аясында әріптестеріміз бүгін Ляньюньган портындағы сауда-демонстрация орталығының жобасын таныстыра келіп отыр. Қытай тарапы біздің павильон үшін 500 шаршы метр аумақты ұсынуға дайын. Ол алаңда біздің кәсіпкерлер экспортқа шығаратын тауарларын таныстыра алады. Менің білуімше, біздің кәсіпкерлер көбіне азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін көрсетуге дайын»,-дейді А.Омаров.
Ал, Қытай тарапының айтуынша, екі ел арасында экспорт пен импортты, жалпы, сауда-саттықтағы ынтымақтастықты дамыту үшін Жібек жолының бойында, Ляньюньган қаласының жаңа Сюйвэй ауданында «Жібек жолы павильоны» атты жоба құрылған. Сауда алаңының жалпы аумағы 30 мың шаршы метрді құрайды. Жобаның негізгі мақсаты - Жібек жолының бойындағы елдермен сауда-саттықты нығайту.