Қазақстан келешекте тау шаңғысы туризмі нарығында үлкен рөл атқарады - Бүкіләлемдік туристік ұйымның атқарушы директоры

АЛМАТЫ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қалалық туризм басқармасы Бүкіләлемдік туристік ұйымымен өзара келісім жөніндегі меморандумға қол қойды.
None
None

«Қазір әлемнің 80-ге жуық елінде 6 миллионнан астам орындық 2 мыңнан астам тау шаңғысы курорты бар. Ондағы туристердің басым бөлігі шетелдіктер. Олардың 75 пайызы 7 көшбасшы курорттың үлесіне тиеді. Бұл барынша халықаралық нарық. Азия мен Еуропа мемлекеттерінде туризмнің бұл түріне деген қызығушылық өте жоғары. Қазақстан келешекте онда үлкен рөл атқарады», - деп атап өтті Бүкіләлемдік туристік ұйымның атқарушы директоры Фредерик Пиерред.

Астана экономикалық форумында таныстырылған Қазақстанның туризмді дамыту стратегиясына жоғары баға берген Бүкіләлемдік туристік ұйымның атқарушы директоры ел үкіметінің бұл бағыттағы саясатына сенімі өте зор екенін айтты. Сондай-ақ Қазақстанда туризмді дамытуға қажетті ең негізгі 3 тұғырдың бар екенін жеткізді. Оның біріншісі - орын, екіншісі - өнім, ал үшіншісі - промоушн, маркетинг, бренд. Батыс пен шығыстың арасында көпір болып тұрған қазақ жерінде, туристерді тартатын көрікті орындар да, төлтума бірегей мәдениет те бар. Сондай-ақ халықаралық қауымдастықта да өз орнын айшықтап келе жатыр. Сондықтан Қазақстанның туристік әлеуеті орасан зор.

Соңғы жаңалықтар