Қазақстан кемеңгер көшбасшысының арқасында кемелденіп отыр - ЕурАзЭҚ институты
Еске сала кетейік, медиа-форум аясында бүгін «Еуразиялық интеграция. Экономикалық «төңкеріс» болуы мүмкін бе?» деген тақырыпта пікірталас алаңы ұйымдастырылған еді.
Сарапшының сөзіне қарағанда, посткеңестік кеңістікте бір-біріне өзара жақынырақ екі ірі мемлекет болса, бұлар - Қазақстан мен Украина. Соның ішінде Украина әуел бастапқыда барынша жағымды экономикалық жағдаймен дамып келе жатқан болатын. Осыны айта келе В. Лепехин салыстыру үшін түрлі факторларды алға тартты.
«Мәселен, тарихтағы тұлғаның рөлін алып қаралық. Қазақстанда мемлекет көшбасшысы ең алдымен түрлі институттарды құруды қолға ала бастады. Әрине, бұл ұзақ үдеріс. Ал Украина осы уақыт аралығында төрт бірдей көшбасшысын ауыстырып үлгерді. Қазіргінің өзі - бесінші құрам. Соның салдарынан көптеген мәселе дер уағында шешімін таппай қалды. Украинада эволюция жоқ, онда революция», - деді Владимир Лепехин. Оның пайымынша, Қазақстандағы жағдай Украинаға қарағанда керісінше, тұрақты дамумен сипатталады.