Қазақстан ҚХР-дың 2014 жылдан бастап АӨІСШК-ға төрағалықты қабылдау ниетін қолдайды - Н.Назарбаев
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат -АӨІСШК-ге Қытайдың төрағалық етуі Ұйымды одан әрі нығайтатынына сенімдімін.
Бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 20 жылдығына арналған Кеңестің мерейтойлық сессиясы мен Сыртқы істер министрлерінің IV кездесуі барысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Қазақстан Қытай Халық Республикасының 2014-2016 жылдары аралығында АӨІСШК-ға төрағалық ету ниетін қолдайды. Қытай Азиядағы сенімді қалыптастыру, ынтымақтастықты дамытудың күрделі үдерісі бойынша бірегей саяси-тарихи, мәдени тәжірибеге ие. Қытай Халық Республикасының төрағалығы АӨІСШК-ны одан әрі нығайтуға және дамытуға зор септігін тигізетініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.