Қазақстан қыздар құрамасы волейболдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады
АСТАНА. KAZINFORM — Таиландтың Накхонратчасима қаласында волейболдан 18 жасқа дейінгі қыздар командалары арасында Азия чемпионаты басталды.
Қазақстан құрамасы В тобындағы алғашқы матчын Гонконг командасымен өткізді.
Владимир Аниконов бастаған мамандар жаттықтыратын қазақстандықтар 3:0 есебімен (25:3, 25:23, 25:15) айқын жеңіске жетті.
Қазақстандық қыздар ертең Қырғызстан, 3 шілде күні Қытай құрамасымен ойнайды.
Азия чемпионаты 7 шілде күні мәресіне жетіп, жеңімпаз анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы волейболдан Азия кубогында үздік бестікке іліккенін жазған едік.