Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан командасы әртістік жүзуден Азия чемпионатында тағы 4 алтын жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан әртістік жүзуден жас ерекшелік топтары арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны 4 алтын медальмен толықты. 

Қазақстан командасы әртістік жүзуден Азия чемпионатында тағы 4 алтын жеңіп алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін, 4-жарыс күні спортшылар топтық сында өз бағдарламасын көрсетті. Қазақстан командасының өкілдері 4 жүлдеге қол жеткізді. 
Еркін бағдарлама (юниорлар): (Айғаным Саим, Мақпал Қалмұрза, Даяна Жаманчалова, Анастасия Воронкова, Полина Мерзлякова, София Ищенко, Салима Ақылбек, Жанерке Нұркенқызы (резерв - Алдияр Рамазанов, Алиша Рафкатова).

​Еркін бағдарлама (13–15 жас):

( Назым Саим, Жансая Әбдіқадыр, Валерия Коструб, Тахмина Заирова, Валерия Матвеева, Альмира Баймаханова, Русалина Милушина (резервте Айым Саим, Сафия Хамит). 

​Еркін бағдарлама (12 жас және одан кіші топ):

(Әл-Жазира Баталова, Медина Сайлаубекова, Малика Нұржанова, Юлия Мишиева, Аделина Рафкатова, Елизавета Амельченко, Амили Баймахан, Алуа Айтбай (резервте Альфия Райыс). 

Акробатикалық бағдарлама (жасөспірімдер):

​Қазақстан құрамасы: Ясмина Исламова, Алдияр Рамазанов, Айғаным Саим, Мақпал Қалмұрза, Даяна Жаманчалова, Анастасия Воронкова, София Ищенко, Полина Мерзлякова (Резервте Салима Ақылбек пен Милана Ашаханова).

Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы қоржынында су спорты түрлерінен Азия чемпионатының жүлде саны 16 алтын, 9 күміс және 4 қолаға жетті.

Айта кетелік Қазақстан командасы пенчак силаттан Азия чемпионатында 18 медаль жеңіп алды