Қазақстан конституциялық бақылау органдарының Азиялық қауымдастығына қосылу мәселесін зерделеуде - Конституциялық кеңес төрағасы И. Рогов

ТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Рогов пен ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Бектас Бекназаров Индонезия Республикасы Конституциялық сотының төрағасы Мохаммад Махфуд мырза бастаған делегациясымен кездесті.

Қазақстан конституциялық бақылау органдарының Азиялық қауымдастығына қосылу мәселесін зерделеуде - Конституциялық кеңес төрағасы И. Рогов

«Индонезия Республикасы - бұл тек қана экономикалық дамыған мемлекет емес, демократиясы даңғыл, құқықтық жүйесі де қарышты өркендеген ел. Бұл ретте Индонезия аса ауқымды іс-шаралар кешенін өз аумағында өткізуді дәстүрге айналдырып келетінін айтуға тиіспіз. Сонымен қатар, Индонезия құрлығымыздағы сот бақылау органдарының азиялық интеграциясына бастамашы болған елдердің бірі», - деп атап өтті кездесу барысында И.Рогов.

Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес төрағасы Қазақстанның халықаралық ықпалдасу үдерісіне белсенді қатысып отырғанын айта келе, еліміздің Еуропа Одағындағы Венеция комиссиясының бақылаушысы болғанын атап өтті. «Біз жақында ғана Венеция комиссиясының мүшелігіне өту туралы өтініш тапсырдық. Бұдан бөлек, Қазақстан конституциялық бақылау органдарының Азиялық қауымдастығына қосылу мәселесін зерделеуде», - деді И. Рогов.