Қазақстан қор биржасында акциялар саудасы 15%-ға өсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — KASE 2025 жылдың қорытындысы бойынша биржа нарығы жұмысының нәтижесін жариялады.

KASE  фондовая биржа қор биржасы
Коллаж: Kazinform

KASE мәліметінше, 2025 жылы Қазақстан қор биржасындағы акциялар саудасының көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 14,7%-ға артып, 342,1 млрд теңгеге жетті. Ал акция нарығының капиталдандырылуы былтыр 18,7%-ға өсіп, 39 трлн теңге болды.

— 2025 жылдың қорытындысы бойынша KASE индексі 26,1% артып, 7 031,32 тармақ болды. 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша KASE-нің сауда-саттық тізімінде 280 эмитенттің 939 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды, — деп хабарлады қор биржасынан.

Сонымен қатар бастапқы нарықтағы инвесторлардың белсенділігі келесідей болған:

— Институционалдық инвесторлар — 72,6%;

— Жеке тұлғалар — 14,3%;

— Брокерлік-дилерлік ұйымдар — 12,9%;

— Өзге заңды тұлғалар — 0,1%;

— Резидент емес қатысушылар — 1,4%.

Қайталама нарықтағы сауда-саттық көлемі 22,9%-ға немесе 56,9 млрд теңгеге артып, 305,6 млрд теңгеге жетті.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан қор биржасының (KASE) басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов инфляцияның өсуіне әсер еткен негізгі себептерді атады.

Соңғы жаңалықтар