Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан корейлері қауымдастығының Павлодар облысындағы корей этномәдени бірлестігінің көшбасшысы Ада Пак мерейтойын атап өтті

ПАВЛОДАР. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Ерлан Арын «Қазақстан корейлері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар филиалының төрайымы Адалаида Пакқа «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісін тапсырды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.

 Қазақстан корейлері қауымдастығының Павлодар облысындағы корей этномәдени бірлестігінің көшбасшысы Ада Пак мерейтойын атап өтті

Бұл награда оған мемлекеттің  ұлт саясатын жүзеге асыру, ұлысаралық келісімді және аймақтағы тұрақтылықты нығайту жолындағы үлкен жұмысы, корей халқының мәдени мұраларын сақтап дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және 70 жылдық мерейтойына байланысты берілді.

Адалаида Борисовна этномәдени бірлестікке 12 жыл бойы басшылық етіп келеді, қала мен облыстың қоғамдық өміріне белсене араласуда. Павлодар корейлерінің шығармашылық ұжымдары ҚХА-ның көптеген мәдениет және өнер фестивальдерінде зор табыспен өнер көрсетіп жүр. Ұлттық түлеу мектебінде олардың балалары корей тілін оқып-үйренуде, өздерінің тарихи отанының дәстүрімен және мәдениетімен танысуда.

А.Пак жастар арасында жиі болып, өзінің білімі мен тәжірибесімен бөлісіп отырады, оларға көпұлтты елде қалыптасқан таңдаулы дәстүрлерді береді.

Ол Қазақстан корейлері республикалық қауымдастығы басқармасының, Қазақстан халқы облыстық және республикалық Ассамблеясының мүшесі.

Биылғы жылы диаспора өздерінің көшбасшыларымен бірге корейлердің Қазақстанға қоныстанғанына 75 жыл және ҚР мен Корея Республикасының арасында дипломатиялық байланстар орнатылғанына 20 жыл толуын атап өтеді.