Қазақстан күкірт қышқылының тапшылығынан қашан құтылады

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында елдегі күкірт қышқылының тапшылығына алаңдаушылық білдірді. 

Қазақстан күкірт қышқылының тапшылығынан қашан құтылады
Фото: Kazinform

— Бізде бірнеше жыл бойы күкірт қышқылы тапшылығы байқалып отыр. Мәселені қалай шешеміз, — деп сұрады Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтан.

Министрдің сөзінше бұл мәселені шешуге кемінде 3 жыл керек.

— Бізде жоспар бойынша алдағы жылда «ЕвроХим-Қаратау» және «Тайқоңыр» қышқыл зауыты іске қосылады. Соның нәтижесінде, 1,6 млн тонна күкірт қышқылы өндіріле бастайды. Яғни, 2028 жылға дейін Қазақстанның ішкі сұранысы толық жабылады, — деді ол.

Еске салсақ, былтыр желтоқсанда Атырау мұнай өңдеу зауытының ашық алаңында күкірт жинаған компанияға айыппұл салынған болатын

Соңғы жаңалықтар