Қазақстан құрамасы волейболдан Азия чемпионатында Аустралияны жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы екінші матчын өткізді.

у
Фото: ҚР ҰОК

Ұлттық құрама бұл кездесуде Аустралия командасымен ойнап, 3:0 (25:21, 25:18, 25:21) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы матчында Индонезияға 0:3 есебімен есе жіберген еді.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан волейболшылары келесі ойынын 25 тамызда Таиланд құрамасына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, Қазақстан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады.