Қазақстан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM – Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатындағы әлем чемпионаты аяқталды.
Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз алтын медальді грек-рим күресінің өкілі Қазыбек Қалмағамбетов (67 келіге дейін) салды.
Еркін күрестен Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болса, Нұрасыл Асамбек (57 келіге дейін) және Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін) қола медаль алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы дзюдодан Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының аралас-командалық жарысында жеңімпаз атанып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.