Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан құрамасындағы екі балуан U17 әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 27 шілдеде, Әзербайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен U17 жас санатында әлем чемпионаты басталды.

ы
Фото: UWW

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты.

48 келіге дейінгі салмақта Әли Алмас ширек финалда қырғызстандық Абдышукур Дурусалиевті жеңді. Енді отандасымыз 1/2 финалда армениялық Арарат Аветисянмен белдеседі.

Сондай-ақ Дияр Аманәлі 55 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Георгий Кеделидзені жеңді. Осылайша жартылай финалда болгариялық Данимир Йордановпен күш сынасады.

ҚР ҰОК мәліметінше, жартылай финалдық бәсекелер бүгін өтеді.

Айта кетейік, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы отандық күрес үшін жарқын жеңістерге, тарихи нәтижелерге және ұлттық құраманың әлеуетін айқын көрсеткен маңызды кезеңге айналды.