Қазақстан құрамасының шабуылшысы Владимир Волков «Барыстан» кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасының шабуылшысы Владимир Волков «Барыс» клубынан кетті, деп хабарлайды елордалық команданың баспасөз қызметі.

Владимир Волков
Фото: "Барыс" ХК

Клуб ресми түрде әлеуметтік желілерде Волковпен келісімшарттың тараптардың өзара келісімімен бұзылғанын мәлімдеді.

Бұған дейін БАҚ өкілдері хоккейшінің командадан кетуін оның негізгі құрамда тұрақты ойыншы ретінде орныға алмауымен және «Номад» фарм-клубындағы шектеулі рөлімен байланыстырған болатын.

Еске салайық, бүгін Астанада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» пен «Нефтехимик» командалары кездеседі.

Ойын жергілікті уақыт бойынша 19:30-да басталады.

Соңғы жаңалықтар