Қазақстан күрес түрлерінен U17 әлем чемпионатын сегіз медальмен аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты аяқталды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан балуандары аталған байрақты бәсекеде екі алтын, екі күміс, төрт қола медаль жеңіп алды.
Еркін күрес
Бақдәулет Ағабек (48 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алса, Мардан Орынбасар (60 келіге дейін) және Әділет Рысбай (71 келіге дейін) қола медальға ие болды.
Грек-рим күресі
Дияр Аманәлі (55 келіге дейін) алтыннан алқа тақты. Ал Әли Алмас (48 келіге дейін) күміс жүлдеге иеленсе, Әлинұр Төлеуғали (71 келіге дейін) үшінші орын алды.
Әйелдер күресі
Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Ал Інжу Баққожа (46 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, су добасынан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының тізімі жарияланды.