Су добасынан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 3 тамызда, Хорватияның Загреб қаласында су добынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталады.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасының сапына 15 спортшы енді.
1. Әлиахмет Қарашев
2. Абылай Аманбеков
3. Әліби Аманжол
4. Әліжан Ауданбеков
5. Асанәлі Амангелдинов
6. Думан Сағындық
7. Максим Сасин
8. Бекназар Алшынбай
9. Ерасыл Абай
10. Сұлтан Құмарбек
11. Шыңғысхан Әскербеков
12. Дәуір Нұритдин
13. Ернар Тілекқабыл
14. Жантөре Назарбек
15. Әділхан Сергебай
Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін бүгін өткізеді. Отандастарымыз Мысыр құрамасымен ойнайды.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 9 тамызда аяқталады.
Айта кетейік, жасөспірім балуандар күрестен әлем чемпионатынан екі алтын медаль жеңіп алды.