Қазақстан курорттарына шетелдік туристердің қызығушылығы артып келеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның курорттық аймақтарында 4,8 млн адам демалды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Бурабай
Фото: ГНПП «Бурабай»

2025 жылы Қазақстанның курорттық аймақтары 4,8 млн келушіге қызмет көрсеткен, бұл 2024 жылмен (4,3 млн келуші) салыстырғанда 11,5% көп. Туристердің 17,3% — резидент емес азаматтар.

— Ең көп келуші Алматы тау кластерінде тіркелді — 2,9 млн адам. Екінші орында — Щучинск-Бурабай курорт аймағы, мұнда орналастыру орындарында 463,1 мың адам тоқтаған. Үшінші орында — 370,1 мың келушісі бар Маңғыстау курорт аймағы, — делінген хабарлада.

Сондай-ақ үздік бестікке екі танымал курорт аймағы кірді — Балқаш туристік аймағы (182,9 мың адам) мен Жетісу облысындағы Алакөл курорт аймағы (149,1 мың адам).

2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында курорт аймақтарындағы орналастыру орындары 198,5 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.

Жалпы Қазақстанның курорт аймақтарында демалушыларды орналастыратын 1856 орын тіркелген. 

Айта кетелік Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуға 137,2 млрд теңге жұмсалатыны туралы жазған едік